Түркияда сайлау алдындағы тыныштық күні басталды
Сөйтіп, бүгін Түркияда сайлау алдындағы тыныштық күні, деп хабарлайды «Хабар 24».
Заңға сәйкес жергілікті уақытпен бүгінгі 18:00-ден кейін кез келген сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына тыйым бар. Бұдан бөлек, ертең таңғы 06:00-ден түнгі 12-ге дейін спиртті тауарлар сатылмайды. Ойын-сауық орталықтары, соның ішінде кофехана мен интернет-кафе сияқты барлық қоғамдық ойын-сауық орындары жабық болады. Той-думанды ертең сағат 18:00-ден кейін өткізуге рұқсат. Ең бастысы, бұл күні рұқсаты болса да, ешкім қару ұстамауға тиіс.
Ал сайлаушылар ертең таңғы сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін дауыс береді. Бір сайлау учаскесінде дауыс беретін сайлаушылар саны облыс пен аудандарда 360 пен 380 адам арасында болуы керек. Ал ауылдардағы сайлаушылар саны 400-ден аспаса, бір сайлау учаскесінде дауыс беруге рұқсат. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сайлау нәтижесі сайлау аяқталғаннан кейін 1 сағаттың ішінде белгілі болмақ.