Ұлыбритания әуежайларында ұзын-сонар кезек пайда болды
Ұлыбритания әуежайларындағы шекаралық бақылау электрондық жүйесі істен шығып, ұзын-сонар кезектер пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ахуалдан жолаушылардың төлқұжаты қолмен тексеріліп жатыр. Лондондағы Хитроу мен Гатвик әуежайларына қосымша қызметкерлер аттандырылған. Бірақ жергілікті билік жазғы демалысқа байланысты саяхатшылар көп болғандықтан қиындық туындап отырғанын айтады. Техникалық ақау неден шыққаны әзірге белгісіз.