Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болды

Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болып, 2 жауынгер қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше сарбаз жарақат алды. Қақтығыс суға таластан туған. Оқты кім бірінші атқаны белгісіз. Қос тарап бірін-бірі айыптап отыр. Оқиғадан кейін Иранның Белуджистан мен Ауғанстанның Нимроз аймағында орналасқан ірі шекара бекеті жабылды.