АҚШ мемлекеттік қарызы бұрыннан бетер «ісінді»
АҚШ-та демократттар мен республикалықтар мемлекеттік қарыздың шекті мөлшерін көтеру туралы келісімге келді.
Шешім мемлекеттің дефолт жариялау қаупін жойды. Шарт 2 жылға жасалмақ. Құжат маусымның 5-і күні күшіне енеді. Президент Джо Байден уағдаластық миллиондаған жұмыс орнының жабылып қалуынан және экономиканың құлдыраудан сақтайды деп отыр. Қазір АҚШ-тың мемлекеттік қарызының шекті мөлшері 31 триллион доллар деп бекітілген.