Адамның миына чип салуға рұқсат берілді – Илон Маск

Илон Маск АҚШ-тың денсаулық сақтау органдарынан ми импланттарын адамдарға сынап көруге рұқсат алды.

Бұған дейін мұндай чиптер жануарларға салынып тексерілген. Мамандар оны сал болып қалған адамдарға қолданып, қайта жүріп кетуі үшін пайдаланып көрмек. Илон Маск бұл импланттарды жасанды интеллектпен де бірге қолдануға болады деп отыр.