Грекияда уақытша парламент құрылды

Бұл жаңа құрамның уақытша жұмыс істеуінің себебі, сайлау нәтижесінде дауыс санының жеткіліксіздігі болып отыр.

Грекияда парламенттік сайлау мамырдың 21-і өткен. Бірақ саяси партиялардың ешқайсысы қажетті дауыс жинай алмады. Саяси тартыста “Жаңа демократия” оңшылдар партиясы ғана, алғы шеп-те көрінген. Енді елде, саяси дода қайтадан өтетін болады. Бұл туралы жарлыққа Грекия Президенті қол қойды. Жалпыұлттық парламенттік сайлау маусымның 25-не жоспарланып отыр. Алда өтетін саяси додаға дайындық жұмыстары басталып кетті.