АҚШ-та дефолт болмайды
АҚШ-тың ұлттық қарыз шегі ұлғайып, бюджет шығындары қысқарады.
Демек, әлемнің бірінші экономикасы АҚШ-та дефолт болмайды. Мемлекеттік қарыздың лимитін көтеріп, әлеуметтік міндеттерін орындау үшін, сырттан қаржы тартатын болды. Президент Джо Байден мен Өкілдер палатасының төрағасы алдын ала келісімге келгендерін мәлімдеді.
Сонымен АҚШ президенті демократ Джо Байден мен өкілдер палатасының спикері республикашыл Кевин Маккарти ортақ келісімге келді. Ұлттық қарыз шегіне байланысты қызу тартысқа бірнеше айға созылды. Ақыры қос тарап мемлекеттік шығындар бойынша ортақ шешім тапқандай. Байден әкімшілігі республикашылар талап еткен бірқатар шығындары қысқартуға келіскен. Дегенмен, бұл америкалықтар үшін жақсы жаңалық деп мәлімдеді Ақ үй басшысы. Өйткені өзара келісім дефолттың алдын алып, халықты әлеуметтік қолдау мен миллиондаған жұмыс орынын сақтап қалады.
Кевин Маккарти, АҚШ өкілдер палатасының спикері:
- Бұл америка халқы үшін лайықты келісім деп есептеймін. Шығыстар едәуір қысқарады, яғни, адамдарды кедейлікке әкелетін масылдықтан жұмыс күшіне айналдырады. Жаңа салықтар, жаңа мемлекеттік бағдарламалар жоқ, жалпы заң жобасы аясында көп өзгеріс бар.
Бірақ республикашыл да демократтар арасында да өзара келісімді қоодамайтындар бар. Өйткені Джо Байденнің көптеген бері ұсынып жүрген алпауыттарға салықты көтеру бастамасы өтпеді. Есесіне халықты әлеуметтік қолдауға да әсер етеді. Мәселен, бұған дейін мемлекеттен жәрдемақы алатын америкалықтар 49 жасқа дейін міндетті жұмыс істеуі керек болса, енді бұл меже 54 жасқа дейін ұлғайтылды. Бұдан бөлек, 2024-2025 жылдардың бюджеттік шығындар қысқарды. Сарапшылар өзара тартыста демократтар негізгі позицияларын сақтап қалды дейді.
Сара Биндер Джордж, Вашингтон университетінің саясаттану профессоры:
- Ал қарыздың ұлғаюуына себеп болып жатқан негізгі факторлар: әлеуметтік қамсыздандыру, және Медикер – яғни, қарттарға қамқорлық жасау. Медикер — кедейлерге медициналық қызмет көрсету. Бұлардың ешқайсысы өзгермеді. Бұл федералдық қарызға әкелетін негізгі шығындар, демек, қарыздың ұлғаю жөніндегі мәселе сақталып отыр.
АҚШ-тың ұлттық қарызы биыл жыл басында 31,4 триллион долларға жеткен. Екі жақты келісім бойынша оны енді 2025 жылға дейін өсіруге рұқсат етілмек. Бұл АҚШтың қаржы министрлігіне құнды қағаздар шығарып, ішкі қорлардан және сырттан қарыз алуға мүмкіндік береді. Министр Джаннет Йеллен маусымның басында АҚШ үкіметінінің қаржысы таусылады деп дабыл қаққан. Яғни, ішкі және халықаралық міндеттемелерін орындай алмай ел экономикасы дефолтқа ұшырауы ықтимал. Сондықтан бұған жол бермеу үшін Конгрестің екі палатасы да тиісті заң жобасын осы апта бекітіп, президенттің қол қоюына жіберуі тиіс.