Францияда гигафабрика салынды
Франция Еуропадағы электр көліктерінің орталығына айналуды көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұнда аккумуляторлар шығаратын гигафабрика ашылды. Болашақта тағы да осындай 3 зауыт салынады. Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, елде жаңа электр аккумуляторлар саласы құрылды. 2030 жылға дейін салада жаңа 2 мың жұмыс орны пайда болады. Франция президенті Эммануэль Макрон осы мерзімге дейін елде жылына 2 млн электр көліктер өндіру мақсатын қойған.