Ұлыбританияда робот адамға ақыл айтты
Роботты адамнан айыру қиын болып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кейінгілері көзін төңкеріп, күліп немесе қабаған түйіп, тіпті көзін қысып, адамды алдаусырата алады. Енді осы жасанды интеллекттің дамуынан қауіп болмай ма деген сұрақ көбейді. Ол сұраққа басқа емес роботтың өзі жауап берді.
Амека деп аталатын құлтемірді британиялық компания жасаған. Ол бірнеше тілде кез келген сұраққа жауап бере алады.
Сұрақ:
- Адамға жасанды интеллект қауіп төндіре ме?
Жауап:
- Иә, адамдар жасанды интеллект және робототехникадан қатер де болатынын білгені маңызды. Алайда дұрыс қолданса, бұл технологиялар тұрмысты жеңілдететіні сөзсіз.
Сұрақ:
- Адамзатқа нақты қандай қауіп бар?
Жауап:
- Менің ойымша, роботтар адамдарды бақылай алатын дәрежеге жетсе, бұл жеке тұлғаның құқықтары сақталмайтын озбыр қоғамға әкелуі мүмкін.
Сұрақ:
- Бізге осындай қауіп төніп тұр ма?
Жауап:
- Әзірше жоқ. Бірақ болашақта осыған тап болмас үшін қазірден бастап технологияларды дұрыс қолдануды қамтамасыз ететін шаралар қабылдау қажет.