Әлемдегі мұздықтар жылдам еріп жатыр
Қазір әлем қымбатшылық пен құрғақшылықтан запы болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бір жағынан мұздықтардың еруі жылдамдаған.
1975 жылдан бері Гималай тауларындағы мұздықтың төрттен бір бөлігі жоғалды. Мәңгілік мұз – Антарктида мен Арктикада жіби бастаған. Енді мұның бәрі климатқа қалай әсер етіп жатыр?
Климаттың өзгеруі Антарктидада ғана емес биік таулардағы мұздықтарға әсер етіп жатыр. Ауа температурасының жылынуынан Гималай таулары өгере бастады.
Төбесі үнемі аппақ болып жататын Эверест соңғы 30 жылда 25 метрдей мұздығынан айырылған. Бұдан жергілікті халық та жапа шегіп отыр.
Анг Церинг, жергілікті тұрғын:
- Гималайда температура жер шарының өзге аймақтарына қарағанда тез көтеріліп, мұздықтар жылдам еріп жатыр. Осының кесірінен оның шыңдары қарайып, таудағы көлдер құрғап кетіп жатыр. Баяғыда таза су алу үшін мұздарды ерітуші едік. Қазір мұндай қажеттілік жоқ. Өйткені олардың еруінен тоғандар көбейген.
Мұздықтардың еруінен дүниежүзіндегі мұхиттардың арнасы аса бастады. Зерттеулерге жүгінсек қазір алып айдындардың деңгейі жыл сайын 4 миллиметрге ұзарады. Бір қарағанда аз болып көрінгенмен, ғасыр соңында жағалауларға жақын жатқан көп елді мекенді су басу қаупі бар.
Сюзанна Мекленбург, Еуропалық ғарыш агенттігінің климат жөніндегі бюро басшысы:
- Біздің ондаған жылдар бойы жүргізген зерттеулеріміз климаттың өзгеруін анық көрсетіп отыр. Ауа температурасының ысуынан мұхит сулары көтеріліп жатыр.
Дүниежүзілік метерологиялық ұйымның мәліметтеріне сүйенсек, ғаламдық жылынудан 1970 жылдардан бері дүниежүзіндегі мұздықтардың қалыңдығы 30 метрге азайған. Ал мұхиттардың суы 2,7 сантиметрге көтерілген. Осыған байланысты ғалымдар апатты үрдісті тоқтату үшін климаттың өзгеруімен күресті күшейтуге шақырады.
Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Вероника Боярова.