Франция тұрғындары қаражаттарын үнемдеуге мәжбүр
Инфляцияның шарықтануынан Франция тұрғындары да қаражаттарын үнемдеуге мәжбүр.
Наурыз айында азық-түлік бағасы 16 процентке көбейді. Әсіресе ет пен балықтың бағасы өсті. Қымбатшылықтың кесірінен тұрғындардың көбі талғамын өзгертті. «Тіпті азық-түлікке жұмсалатын қаражат көлемі де 10 процентке азайды»,- дейді мамандар.