Қытайда торнадодан 13 адам жарақат алды

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында торнадо соғып, 13 адам жарақат алды.

Дүлей желден әсіресе Телин қаласы мен Фусинь ауылы көп зардап шекті. 100-ге жуық үй бүлініп, өңірдегі ауыл шаруашылығына зор шығын келді. Кей мекендерде электр желілері істен шығып, жарықсыз отыр. Қазір апат аудандарында торнадоның салдарымен күрес жүріп жатыр.