Сенегал астанасы Дакарда жаппай тәртіпсіздіктер болып жатыр
Толқуға биліктің оппозиция көшбасшысы Усман Сонконы ұстап, 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығаруы түрткі болған.
Саясаткерге бір әйелге сұғанақтанып, әдепсіз әрекеттерге барды деген айып тағылған. Алайда оппозиционер істің саяси астары бар деп, өзіне тағылған айыптан бас тартуда. Оның жақтастары болса бұл биліктің саясаткерді келесі жылы президенттік сайлауға қатыстырмау үшін әдейі ұйымдастырған ісі дейді.