Лондонда адам тәрізді «Амека» деп аталатын робот көрсетілді
Құлтемір роботехникаға арналған ауқымды көрме барысында халық назарына паш етілді.
«Амека» адамдармен «Чат Джи-Пи-Ти» нейро жүйесі арқылы сөйлесе алады. Сонымен қатар, адамның қимыл қозғалысы мен ым-ишарасын да қайталауға қабілетті. Тіпті құлтемірдің өзінің көңіл күйін адам сияқты білдіруі қонақтарды таң қалдыруда. Қазір робот қозғалып, жүре алмайды. Бірақ «Чат Джи-Пи-Ти»-дің көмегімен беттерін жыбырлатып, қолдарын қимылдата алады.