АҚШ Сенаты мемлекеттік қарыз шегін көтеруге келісті
АҚШ Конгресінің Жоғарғы палатасы мемлекеттік қарыз шегін көтеру жөнінде заң жобасын бекітті.
Бұл заңды 63 сенатор қолдады, отыз алтысы қарсы дауыс берген. Кеше Өкілдер палатасы да осы заңды құптаған болатын. Негізінен республикалық партия мүшелерінен құралған төменгі палата соңғы уақытқа дейін заңды өткізбей жүрген еді. Палата төрағасы Кевин Маккарти АҚШ президенті Джо Байденмен алдағы 10 жылда бюджет тапшылығын, бір жарым триллион долларға, қысқартуға келіскеннен кейін қос тарап ымыраға келді. Әйтпесе 5 маусымда АҚШ тарихында алғаш рет дефолт жарияланбақ еді. Ал бұл тек Америка ғана емес, күллі әлемді экономикалық дағдарысқа апарып соғуы мүмкін. Бұл жаңалық әлемдік нарықтарда мұнай бағасының өсуіне түрткі болды.