Португалияда теміржолшылар ереуілге шықты
Ереуілшілердің басты талабы жалақыны көтеру және еңбек жағдайын жақсарту.
Мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, митинг салдарынан түнгі уақытта жүретін 22 рейс тоқтады. Тәртіпсіздіктер ел астанасы Лиссабонда жалғасып жатыр. Бұған дейін, 31 мамыр күні, елдегі теміржол кәсіподақтары 24 сағаттық ереуіл өткізген еді. Португалия Ұлттық статистика институтының мәліметінше, былтыр елдегі тұтыну бағалары индексінің орташа жылдық өзгерісі 8 пайызды құрады. Бұл 1992 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.