Францияда буллингке қарсы күрес күшейтілді
Францияда бірнеше жеткеншек өзіне қол жұмсағаннан кейін, мектептер мен әлеуметтік желілерде буллингке қарсы күрес күшейтілді.
Былтыр қылмыстық кодекске жаңа баптар енгізілген болатын. Соған сай оқушыны қудалаған үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 150 мың еуро көлемінде айыппұл төлету қарастырылған. Дегенмен, елде бұл мәселе әлі күнге дейін өзекті. Ресми мәлімет бойынша, оқушылардың он проценті білім ошақтарында озбырлық көрген. Францияның білім министрлігі мектеп директорларын буллинг жөнінде қандай да бір ақпарат болса, тікелей прокурорларға хабарлауды міндеттеді.
Кароль Гранжан, Франция білім және кәсіби дайындық министрі:
- Біз буллингке қарсы күреске басымдық беріп отырмыз. Бұған қарсы бар күшімізді жұмсап, буллингті қылмыс қатарына қостық. Алдағы оқу маусымынан бастап барлық мектептерде алдын алу бағдарламасы іске қосылады. Шілде айында жәбірлеушілерді оқу орындарынан шығаруды қарастыратын декрет күшіне енеді.