Түркияда балалардың 52,2% кибербуллингке тап болған
Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар агенттігінің зерттеуі бойынша 15 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдердің көбі моральдық тәрбиеге қайшы келетін хабарламалар алған.
Бауырлас ел киберқауіпсіздікті күшейтті.
Түркияда кибербуллинг жасағандар заңмен қатаң жазаланады. Заманауи дертпен күресу үшін бірқатар жобалар іске қосылған. Мәселен, Сиберай жобасы қауіпсіз интернетті қалыптастыруға бағытталған жоба. Мұндағы мақсат, ақпараттандыру арқылы кибер қылмыстардың алдын-алу арқылы балалар мен жастарды виртуалды ортадағы қауіптерден қорғау.
Рузие Дағжы, киберқауіпсіздік маманы:
- Интернет пен әлеуметтік желіні қолдану күн санап артып келеді. Кибер ортада жасалатын қылмыстар саны да өскен. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер қауіп төндіреді. Ішкі істер министрлігі және Қауіпсіздік Бас басқармасы киберқылмыспенкүресу үшін «Сиберай» жобасын іске қосты. Кибербуллинг жасағандар 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Бұдан бөлек, пайдаланушыларды қауіпсіз интернетке бағыттау мақсатында мектептерде конференциялар өткізіліп, жергілікті арналарда үгіт насихат фильмдер көрсетіледі. Тіпті баларға арналған мультфильмдер де бар.
Заң қатайған сайын, елде кибер қылмыс саны айтарлықтай азайған. Мемлекеттік ұйымдар күресті жалғастыра береді. Агенттік өкілдері «ата-аналар бар жауапкершілікті мұғалімге артпай, отбасылық тәрбиеге баса назар аударуға шақырады. Себебі балаларға төнген бұл қауіпті бірігіп қана жеңуге болады», - делінген.