Килауэа жанартауы қайта атқылай бастады
АҚШ-тың Гавай аралдарында Килауэа жанартауы оянды.
Қазір бір кратер ғана атқылап жатыр. Жергілікті билік ұлттық паркте орналасқан таудан әзірге жақын маңдағы мекендерге қатер төніп тұрмағанын айтады. Килауэа - әлемдегі ең белсенді жанартаудың бірі. Соңғы рет ол 2019-шы жылы қатты атқылап, жер сілкініп, жүздеген үй мен ғимараттар қирап қалған.