Германияда 3 атом электр станциясы жабылды

Қазір мемлекет қуат көзінің 66 пайызын күн мен желден алып отыр.

Ал 2030 жылға дейін энергияның 80 процентін жасыл технология арқылы өндіру жоспарда бар. Қазір Германияда үйлер мен дүкендерде, кеңсе шатырларында күн батарялары орнатылып, алып Жел станциялары салынған. Тіпті толығымен баламалы энергетикаға ауысқан елді мекендер бар. Өздерін таза энергиямен қамтып, артығын өзгелерге сатады. Мемлекеттен бөлінетін субсидия да бұған септігін тигізді.

Кияра, эколог:
- Тез арада көмірден бас тарту маңызды. Бұл отынды жағатын электр станциялары ауаны ластап, климатқа кері әсерін тигізеді. Мұның бәрі ғаламдық жылыну мен ауа-райының өзгеруіне әкеп отыр. Сондықтан жаңғыртылатын энергетикаға ауысуды үдету керек. Сондай-ақ, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Егер жасыл энергия өндірісіне көбірек инвестиция құйса, ол зиян көмірді ығыстырады.