Еуроаймақ экономикасы рецессияға ұшырады
Биыл алғашқы тоқсанда Еуроаймақ экономикасы рецессияға ұшырады.
Мұндай жағдай екінші тоқсан қатарынан қайталанып отыр. «Мұның басты себебі - өнеркәсіптік құлдырау себеп», - дейді сарапшылар. Бұл әсіресе әлемдегі ең ірі экономиканың бірі саналатын - Германияда айқын байқалып отыр. Айта кеткен жөн, Еуроаймақ Еуропалық одақ аясында құрылған экономикалық бірлестік. Оның құрамына одақтағы 27 елдің жиырмасы кіреді.