Қытайдың цифрлық экономикасы 7 трлн доллардан асты

Бұл көрсеткіш бойынша ол әлемде екінші орында тұр.

Жылдың аяғына дейін жоғары технологиялық компаниялардың саны 80 мыңнан асады. Бұл 5G технологиясын кеңінен ендірудің арқасында мүмкін болды. Жаңашылыдық интернеттің түрлі салада дамуына екпін берді. Әсіресе «тұрмыстық заттар» интернеті құрылғылар арасында өзара мәлімет алмасуға жол ашты.

5G жүйесін пайдаланушылардың 60 процентінен астамы Қытайда тұрады. Олардың саны 600 миллионға жетеді. Елде ұялы байланыстың бесінші буынының 2 миллион 700 мыңнан аса станциясы салынған. Жылдың аяғына дейін тағы да алты жүз мыңын орнату жоспарда бар. 

Цзи Пэнфэй, ғылым мен технологиялар саласында қызмет көрсететін компания өкілі:
-
3G технологиясы бізге Apple әкелсе, 4G-дың арқасында такси шақыру мен үйге тағам мен өзге тауарды жеткізу қызметтерін қолдана бастадық. Ал 5G – алып кәсіпорындармен байланыс орнатты. Байланыстың бесінші буынын түрлі мақсатта пайдалануға болады. Маңыздылардың бірі - тұрмыстық заттар интернеті. Бұл өнеркәсіп пен заттар интернетінің үйлесіп, бүкіл саланы цифрландыруға зор мүмкіндік берді. Сондықтан 5G тұрмысымызға, өндіріске, мемлекет дамуының барлық салаларына оң әсер етті. 

Компаниялар өз өндірісіне цифрлық технологияларды қарқынды ендіріп жатыр. Бұл өнімінің өзіндік құнын төмендетуге көмектеседі.

Цин Шаохуа, ақылды технологиялар өндірісі саласындағы компания өкілі:
-
Цифрлық өндіріс зауыттарға өніміділігін арттыруға, адам еңбегінен шығынын азайтуға және сапасын арттыуға көмектеседі. Яғни бүкіл кәсіпорынның тиімділігі артады. Мысалға осы зауыттың өнімділігі 128 процентке өсті. Оған қоса ауаның ластануын азайтты.

Өткен жылы Қытайда цифрлық экономиканың үлесі 40 проценттен асқан болатын. Ел билігі 2019 жылы 5G технологиясын қолдануды қолдаған. Қазір байланыстың осы түрі саланың 67 процентінде бар. Енді шағын мен орта бизнесті жаңашылдыққа тарту көзделіп отыр.

Авторы: Ботагөз Сырғабаева