Кубада су тасқынынан бір адам қаза тапты

Кубаның орталығы мен шығыс бөлігінде бірнеше күн бойы жаңбыр жауып, 7 мың адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Табиғат апатынан 1 адам қаза болды. 10 мыңнан аса үйді су басып, бүлінген. Толассыз жауын мен су тасқынынан, әсіресе, Камагуэй мен Гранма провинциялары жапа шегіп жатыр. Қос аймақтың инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығана зор шығын келді. Кей аудандарда электр желілері істен шығып, жарықсыз қалған.

Жергілікті тұрғын:

- Жаңбыр күні-түні жауып кеше қала маңындағы өзен тасыды. Үйімізді лезде су басып кетті. Қазір заттарымызды жинап, қауіпсіз жерді паналай тұруға дайындалып жатырмыз.