Британияда ауа райы аптап ыстық болып тұр
Ұлыбритания астанасында аптап ыстық орнады.
Кеше Лондонда сынап бағанасы 30 градусқа дейін көтерілді. Қала билігі тұрғындарды абай болуға шақырды. Синоптиктер шаһарда аптап ыстық тағы бірнеше күнге созылады деп ескертуде. Бірақ Шотландия мен Уэльстің көп бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
БЛИЦ:
- Бүгін кұн шыжып тұр. Кей кездері сен Англияда емес, күні ыстық басқа бір елде тұрып жатқандай сезінесің. Мысалы, бүгін таң атқаннан күн қайнап тұр.
- Климаттың өзгеруінен біздің күнделікті өмірімізге аса қатты әсері жоқ. Бірақ одан әлемнің көп елдері зардап шегіп жатыр. Сондықтан бұл ең өзекті мәселеге айналған.