Канададан тараған түтін Еуропаға жетті

Канададағы орман өрттерінен тараған түтін Еуропаға жетті.

Норвегия, Исландия және Гренландия ауасынан күйіктің иісі сезіле бастаған. Бірақ ғалымдар оның мөлшері адам денсаулығына қауіп төндіретіндей деңгейге әлі жете қойған жоқ деп отыр. Дегенмен Канададағы орман өрті Арктикаға да кері әсерін тигізуі мүмкін. Құрлықты күйе басып мұздықтар жылдам ери бастайды.