АҚШ-тың Филадельфия қаласында ірі тас жолдың бір бөлігі құлады

Құтқарушылар бұған көпір астында жанармай таситын көліктің өртенуі себеп болды деп санайды.

Себебі, жалыннан қатты қызған тас жол опырылып түскен. Жаз мезгілі болған соң Бостон, Балтимор және Вашингтон секілді ірі қалалардың тұрғындары осы жол арқылы мұқит жағалауына үздіксіз өтеді. Бірақ ресми биліктің хабарлауынша, апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл ірі шаһардың солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын негізгі даңғыл. Сондықтан оның жабылуы миллиондаған жолаушының қозғалысына кедергі жасады. Апатқа байланысты штат жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялап, жөндеу жұмыстарына кіріспек. Алайда көпірді қалпына келтіру үшін бірнеше ай қажет деп отыр.