Пәкістанда су тасқындарынан шаруалар жапа шегіп жатыр

Пәкістанда өткен жылғы су тасқындарынан манго алқаптары бүлініп, шаруалар жапа шегіп жатыр.

Табиғат апатынан биыл Сингх провинциясында өнім аз. Фермелердің айтуынша, климаттың өзгеруінен аймақта зиянкес жәндіктер де көбейген. Былтыр Пәкістанда жаңбырлы маусымнан су тасқыны жиілеп, миллиондаған адам зардап шекті. Елге 30 миллиард доллар шығын келді.