Канадада өрт сөндіруге әскер тартылды

Сарбаздардың алғашқы легі Альберта провинциясындағы табиғи апат ошағы - Эдсон қаласына келді.

Бұл елде тілсіз жаудың тұтанғанына 6 аптадан асты. Негізі осы мезгілде өрт таралмауы керек еді. Бірақ климат өзгерісі мен құрғақшылық табиғи апат тудырып, жағдайды айрықша ушықтырып отыр деп есептейді сарапшылар. Барлық 10 провинцияны қуаңшылық жайлаған.

Анита Ананд, Канаданың Ұлттық қорғаныс министрі:
- Өрт ие берер емес. Тіпті жаңа ошақтары пайда болды. Біз енді өрт сөндірушілермен бірге қоян-қолтық жұмыс істейміз. Біз - барлық саланың мамандары үшін өте ауыр жағдайға тап болдық. Жұдырықтай жұмылсақ, бұл қиындықты еңсереміз деп сенемін.

Билл Блэр, Канаданың Төтенше жағдайлар министрі:
- Мыңдаған өрт сөндіруші күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Бірақ оларға үлкен қолдау, қосымша тың күш керек. Үнемі ізденіс үстіндеміз. Ормандағы өртпен күресудің жаңа әдіс-тәсілдерін ойлап табуымыз керек.