Чилиде вирустан 6 шақалақ шетінеп кетті

Чилиде респираторлық синцитиальды вирустан 6 нәресте қайтыс болды.

Ел билігі балақайларды ажалдан арашалап қалу үшін жаппай вакцинация науқанын бастады. 20 мыңға жуық бала мен 30 мыңдай ересек адам егілмек. Ал респираторлық вирустың бұл түрі көбіне жаңа туған шақалақ пен қарияларда ауыр формада өтеді. Алты нәрестенің өлімі елде саяси дағдарыс тудыруы мүмкін.