Перуде безгектен 200-ден астам адам көз жұмды
Перуде денге безгегі жаппай таралып жатыр.
Қазірдің өзінде 200-ден астам адам көз жұмып, ауру жұқтырғандар саны 130 мыңнан асты. «Рейтер» агенттігі мұндай көрсеткіш ел тарихында бұрын-соңды болмағанын айтады. Аурудың таралуына бірнеше күн бойғы ыстық себеп дейді мамандар. Өйткені аптапта вирус тарататын масалар шамадан тыс көбейген. Оның үстіне, аймақ тұрғындарының 15 пайызы таза ауызсуға қол жеткізе алмайды. Індет ошағы - бір ғана Пьюра қаласында 60-тан астам адам көз жұмып, 40 мыңға жуығы ауруға шалдыққан.
- Бұрын денге безгегіне шалдыққан адам 1-2 күнде жазылып кететін. Бұл жолы ауыр түрі таралып жатыр. Жан сақтау бөліміне түсіп жатқандар өте көп.