Үндістанда күн шыжып тұр

Елдің солтүстік-батысы мен шығысындағы штаттарда ауа температурасы 40 градустан асып кетті.

Бұдан ауыл шаруашылығына зор зиян келді. Өндіріс көлемі азайып, бірнеше штатта мектептер жабылды. Жұрт желдеткіштерді жиі қосатындықтан, кейбір өңірлерде электр энергиясы тапшы.

- Электр тоғы күніне тек екі-үш сағат болады. Осыдан қатты қиналамыз. Жиі сағат түнгі он екіге дейін жарықсыз отырамыз. 
- Егісте жұмыс істеймін. Мұнда күн қызып тұр. Денсаулыққа зиян болса да, күнкөрісіміз үшін еңбек етуге тура келеді.