Германияда жылына мыңға жуық орман өрті тіркеледі
Отты сөндіруде заманауи жабдық қолданылады.
Сонымен қоса неміс мамандары алдын алу шараларына да көп көңіл бөледі.
Германияда ірі орман өртін сөдіруге роботтар қолданылады. Әсіресе адам жетуі қиын жерлерде олардың көп пайдасы тиеді. Дрондар да көп пайдаланылады. Өрт жиі тіркелетін аймақтарда сенсорлар орнатылған. Қауіпті жағдай туындай қалса, олардан орталыққа бірден хабарлама келеді. Заманауи техникаға қарамастан Германияда жыл сайын мыңдаған гектар орман алқабы өртеніп жатады. Көбіне адамдар кінәлі.
Рихард, Берлин тұрғыны:
- Бізде орманда от жаққан үшін не онда темекі тұқылын тастаған үшін айыппұл салынады. Жеке өз басым ережелерді бұзбаймын. Адамның іс-әрекетіне байланысты емес. Орман өрті де болады ғой әрине. Алайда ол Канададағыдай бақылаудан шығып кетсе, соңы жаман болуы мүмкін.
Германияда ормандардың көбінде арнайы мұнаралар орнатылған. Ондағы бейнебақылау жүйесінің көмегімен өрт ошақтарын анықтап, бірден әрекет етуге болады. Сонымен қоса балалар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өйткені жазда орманға жеткіншектер жиі барады. Сондықтан оларды мектепте өрт қауіпсіздігіне үйретеді.
Джорджиа, студент:
- Негізі Бразилияда туып өскем. Қазір осында тұрамын. Жаңбыр аз жауады. Жақында ғана маңайда өрт болды. Неге екенін білмеймін, бірақ оны сөндіруге көп уақыт кетті. Мен жауапкершілікті сезінемін. Климаттың өзгеруіне адамдар да кінәлі деп санаймын. Парниктік газдар, көлік шығындылары - мұның бәрі қоршаған ортаны ластайды.
Катрин, Берлин тұрғыны:
- Бүкіл ережені жатқа білмеймін. Бірақ орманға келген әр адам жауапкершілікті сезіну керек деп санаймын. Мәселен, от жақпау керек. Біз табиғатты аялауымыз қажет. Айтпақшы, естуімше, Испания мен Италияда мұндай деректер үшін қарастырылған жаза бізден де қатаң.
Өрттің алдын алу шараларының тағы бірі - қатаң жаза. Германияда орманда не табиғи саябақта от жаққандара 5 мың еуро айыппұл салынады. Біздің ақшамен 2 жарым миллион шамасында. Қасақана өрт қою үшін 15 жылға дейін бас бостандығынын айыру жасазы да қарастырылған.
Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский