АҚШ-та ауыр жұмыс істейтін балалар саны артты

АҚШ-та қауіпті әрі ауыр жұмыс істейтін балалардың саны көбейіп барады.

Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша кейінгі 8 жылда бұл көрсеткіш 4 есе өскен. Әсіресе мигрант жеткіншектердің тұрмысы алаңдатарлық. 2021-2022 жылдар аралығында елге 250 мыңнан астам жасөспірім өз бетімен келген. Осы кезге дейін 11 штатта балалар еңбегін қолдануды жеңілдететін бірнеше заң жобасы қарастырылды. Мәселен Миннесоттада балаларға құрылыста жұмыс істеуге рұқсат етілді, ал Огайода 14 жасқа толған жеткіншектер күн сайын сағат кешкі тоғызға дейін еңбек ете алады.

Венди Боствик, ауыр еңбектен қайтыс болған баланың анасы:
- Ұлым менің тірегім еді. Ол аса ауыр жұмыс пен қанаудан қайтыс болды. Осыдан бір баланы құтқарсам да, міндетімді орындадым деп санаймын.