Кубада су тасқынынан мыңдаған адам эвакуацияланды
Кубада толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан 6 адам қаза болды.
Мыңдаған тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшті. Табиғат апатынан, әсіресе Гранма провинциясы көп зардап шекті. Аймақта 100-ден астам мекенді су басып, 150-дей үй қирап, бүлінген. Камагуэй мен Лас-Тунас аймақтарында да өзендер арнасынан асып, жүздеген шақырым жолды су шайып кетті. Қос провинциядағы ауыл шаруашылығына көп нұқсан келді. Елде табиғат апаты салдарымен күрес жүріп жатыр.