АҚШ-та Трампқа қатысты сот отырысы өтті
Майами қаласының соты АҚШ-тың экс президент Дональд Трампқа қатысты істі қарады.
Саясаткерге мемлекеттік құпия құжаттарды үйінде заңсыз сақтады деген айыптар тағылған. Бірақ Трамп оларды мойындаудан бас тартып отыр. Ол істің саяси астары бар дейді. Енді шешімді алқабилер шығаруға тиіс. Егер оның кінәсі дәлелденсе, саясаткерге ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін немесе ол бас бостандығынан айырылуы ықтимал.
Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрынғы президенті:
- Біздің барлығымыз бұл істің қолдан жасалғанын біліп отырмыз. Өйткені елімізде сыбайлас-жемқорлық көп. Осының кесірінен ұлтымыз азып, тозып жатыр. Біз мұндайға жол бермеуіміз керек.