Климаттың өзгеруімен күресті күшейту керек
Қытай жасыл экономиканы қаржыландырудың арқасында елдегі көміртегі шығарындылары 150 миллион тоннаға қысқарған.
Көрші мемлекеттің орталық банкі тақауда осындай мәлімдеме жасады. Биыл сәуір айындағы есеп бойынша, бұл мақсатқа жүз миллиард долларға жуық неси берілген. Қаржы реттеушісінің мәлімдемесіне сәйкес, қазір осы саланы барынша дамыту көзделіп отыр. Сондықтан жергілікті кәсіпорындардан қоршаған ортаға қатысты ақпар талап етіліп жатыр екен.
Климаттың өзгеруімен күрес
Біріккен Араб Әмірліктері де климаттың өзгеруімен күресті күшейтіп жатыр. Ел билігі құм даланы көгалдандыру жобасын әзірлеп, мангр ағаштарын отырғыза бастаған. Бүгінде олардың саны 60 миллионнан асады. Жыл сайын олар 40 мың тоннаға жуық көмірқышқыл газын сіңіреді екен. Бірақ билік өкілдері мұнымен тоқтап қалмақ емес. 2030 жылға дейін тағы 100 миллион түп егу көзделген. Айта өтейін, тропикалық мангр ормандары қатал ауа райына төзімді болып келеді. Олар аптапқа шыдап, дауыл мен су тасқынынан қорғай алады.
Газа секторында кофе тыңайтқыш ретінде қолданылады
Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне Газа секторында да барынша қолға алынған. Сондықтан кофе ұнтағы өсімдік тыңайтқышы ретінде қолданылып жатыр. Өйткені ол топырақты азот, фосфор, калий, магний сынды элементтермен байытады. Бұған қоса, өсімдік үлкен болып өсетін көрінеді. Сонымен қатар кофе гүлдердің түсін де өзгерте алады екен. Сондықтан жергілікті шаруалар ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын жер телімдерін құнарлығы етуге тырысуда.
Климаттың өзгеруімен күресті күшейту керек – БҰҰ
Әлем елдері климаттың өзгеруімен күресті күшейту керек. Бұл туралы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри жасады. Оның айтуынша, бұл үшін мемлекеттер қоршаған ортаға зиян келтіретін көмір және басқа да пайдалы қазбаларға тәуелділікті азайту қажет. Айта кетейік, 200-ге жуық мемлекет климаттың өзгеруімен күресу үшін 2015 жылы Париж келісіміне қол қойған. Ал АҚШ пен Қытай ауаға парниктік газды ең көп шығаратын елдер.