Еуроодақ жасанды интеллект туралы заң қабылдайды
Еуроодақ әлемде алғаш болып, жасанды интеллект жүйелерін реттейтін заң қабылдайды.
Бүгін Еуропарламент осы заң жобасы үшін дауыс берді. Енді Одақтағы биліктің үш тармағы Еурокомиссия, парламент және Еуропа Кеңесі жобаның нұсқасын мақұлдауы керек. Заң жобасында жасанды интеллект жүйелері адамзатқа төндіретін қатеріне қарай бірнеше топқа бөлінген. Әрқайсысына жеке шектеулер мен бақылау шаралары енгізіледі. Мысалы, биометриялық тану жүйелерін қолдануға тыйым салынбақ. Оны тек соттың шешімімен қылмыскерлер, лаңкестер мен жоғалған адамдарды іздестіру үшін пайдаланады.