Хорватияда туристер саны рекордтық межеге жетті
Биыл Хорватия туристер есебінен рекордтық пайдаға кенелуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жыл басынан бері елге Еуропадан миллиондаған саяхатшы келді. Жалпы туристік ағын өткен жылмен салыстырғанда 20%-ке көбейген. Сарапшылардың болжамынша, оң үрдіс жалғасады. Саяхат саласындағы белсенділіктің артуы Хорватияның шенген аймағына кіруімен байланысты. 2022 жылы туризмнен ел қазынасына 14 миллиард доллар пайда түсті. Биыл бұл сома бірнеше есе артуы мүмкін.