Еуропа Орталық банкі проценттік мөлшерлемені көтереді
Сонымен қатар инфляцияны басуға бағытталған қосымша шаралар қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өсім 3,5%-ті құрап отыр. Бұл – 2022 жылдың шілдесінен бері жасалған 8-ші проценттік өсім. Өзгерістер еуро валютасын қолданатын 20 ел экономикасына тікелей әсер етеді. Азық-түлік, коммуналдық қызметтер мен жазғы демалыс орындары бағасы қымбаттауы мүмкін.
Кристин Лагард, Еуропалық Орталық банктің президенті:
- Басқарушылар кеңесі ЕОБ-тің 3 негізгі проценттік мөлшерлемесін 25 базистік тармаққа көтеру туралы шешім қабылдады. Бүгінгі мөлшерлеменің өсуі инфляция болжамының, базалық инфляция динамикасының және жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының тиімділігінің жаңартылған бағасын көрсетеді.