Қытайдан миллионерлер кетіп жатыр
Былтыр 11 мыңдай дәулетті адам шетел асқан.
Биыл олардың қатары 13 жарым мың адамға жетуі мүмкін. Үндістан байларынан айырылған елдер тізімінде екінші орында. Ол жақтан 6 жарым мың миллионер кетуі ықтимал. Сондай-ақ Гонконг, Оңтүстік Корея мен Жапония да ауқатты адамдардың өмір сүруіне қолайсыз болып тұр. Ал Австралия керісінше байлар үшін тартымды елге айналды. Дәулеттілерге жағатын мемлекеттер қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ, Швейцария мен Канада бар.