Еуропалық Орталық банк мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылдады
Еуропалық орталық банк негізгі мөлшерлемені 25 тармаққа көтеру туралы шешім қабылдады.
Бұл 1 жылдың ішінде сегізінші өсім. Бұған бағалардың қаржы ұйымы бекіткен шектен асып кетуі себеп. Әзірге аймақта инфляцияны тоқтату қиын болып тұр. Әсіресе азық-түлік бағасы қымбат. Еуропалық орталық банк биыл экономика 0,9 пайызға құлдырауы мүмкін деп отыр.
Кристин Лагард, Еуропалық орталық банк төрағасы:
- Басқарушылар кеңесі өзара ақылдаса келе мөлшерлемені көтеруді ұйғарды. Бұл өзгеріс инфляцияның теріс ықпалын азайтуға және ақша-несие саясатын тұрақты қалыпта ұстауға көмектесуі тиіс.