Грекияда мигранттарды қолдау акциясы өтті
Грекияның Афин қаласында наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғындар кеме апатына ұшыраған отбасыларға, осылайша қолдау танытты. Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш «еуропалық деңгейде шара қабылдауды» ұсынды. Мұндай жағдай қайталанбас тиімді көші-қон саясатын әзірлеу қажет, - деді ол.
Естеріңізде болса, осыдан 3 күн бұрын 750 мигрант отырған кеме апатқа ұшырып, 80 адам қаза тапқан еді.