Қытайда күн шыжып тұр

Қытайда аптап ыстыққа байланысты ескертудің сары деңгейі жарияланды.

Елдің солтүстік-батысында сынап бағанасы 39 градусқа дейін көтерілді. Жергілікті билік тұрғындарға сыртқа шықпауға, ал жұмыс істейтіндерге сақтанып жүруге нұсқау берді. Қытайда қолайсыз ауа-райы жөнінде төрт деңгейлі ескертулер жүйесі қабылданған. Ең жоғарғы қауіп қызыл түспен белгіленеді. Одан кейін қызғылт, сары және көк деңгейлері бар.