Филиппинде 120 адам мінген кеме өртенді

Филиппинде 120 жолаушы мен экипаж мүшесі мінген кеме отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жағалау күзеті жылдам әрекет етіп, барлық адамды құтқарып алған. Абырой болғанда, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Осы наурызда аталған елде жолаушылар кемесі өртеніп, 29 кісі көз жұмған болатын. Мамандар Филиппинде әбден ескірген кемелер теңізде әлі жүзіп жүргенін алға тартады.