Бразилиядағы тасқын 11 адамның өмірін қиды
Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы тұтас қала су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кешелі бері соққан дауыл соңы жауын-шашын мен алапат тасқынға ұласты. Табиғи апат салдарынан 11 адам көз жұмған. Тағы 20 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кетті. Қазір оларды іздеу операциясы жүріп жатыр.
Жалпы билік үйін су шайып кеткен 2400 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген. Мамандар енді лай көшкіні жүруі мүмкін деп ескертіп жатыр.