АҚШ-та атыстан жиырмадан астам адам жараланды
АҚШ-тың Уиллоубрук қаласында мереке кезінде атыс болып, 22 адам жарақат алды.
1 тұрғын қаза болды. Оқиға сауда орталығының жанында орын алды. Белгісіз ер адам кешке жиналған жұртқа аяқ астынан оқ атқан. Полиция қаскөйді ұстаған, ұстамағаны белгісіз.
Рик Вагнер, жергілікті тұрғын:
- Өткен жылы полиция бізге енді мереке кездері мұндай зорлық-зомбылықты бодырмауға күш саламыз деп сендірген еді. Бірақ мереке сайын осындай оқиғалар қайталанып тұрады. Бұл қашанғы жалғасады.
Жеткіншек кешке жиналғандарға оқ атты
АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында да атыс болып, 1 адам көз жұмды. Тағы 10 кісі жарақат алды. Мұнда зорлық-зомбылық ғимарат ішінде сауық кеші кезінде болды. Жарақат алғандардың көбі жасөспірімдер. Полиция адамдарға оқ атқан 17 жасар тұрғынды ұстады. Оның мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз.