Үндістанда дауылдан 33 мың гектар жерге зақым келді
Үндістанда «Бипарджой» дауылы 33 мың гектар жерді зақымдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әзірге табиғи апаттан келген шығын көлемі белгісіз. Дауыл кезінде 2 адам ажал құшқан. Тағы 20-дан астам тұрғын жарақат алған. Ресми дерек бойынша, зардап шеккен аймақтардан 100 мыңға жуық адам қауіпсіз жаққа көшірілген. Олар енді үйіне біртіндеп оралып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптадан бастап соққан «Бипарджой» дауылының екпіні сағатына 105 шақырымға дейін жеткен.