Бразилияда су тасқынынан 13 адам қаза тапты
Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы дауыл мен су тасқынынан 13 адам опат болды.
Тағы 5 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Табиғат апатынан әсіресе 8 мың тұрғыны бар Караа қалашығы қатты зардап шекті. Қазір су басқан аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті билік кей жерлерде лай көшкіні жүруі мүмкін екенін ескерткен.
Эдуардо Лейте, Риу-Гранди-ду-Сул штатының губернаторы:
- Қазір жоғалып кеткен тұрғындарды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Ең алыдмен адамдарды құтқарып, су тасқынынан жапа шеккен азаматтарды қауіпсіз жерге көшіруіміз қажет. Тек осыдан кейін ғана қалпына келтіру жұмыстары басталады.