Қытайда айдаһар пішіндес қайықтармен жарыс басталды
Қытайдың Макао аймағында айдаһар пішіндес қайықтармен дәстүрлі жарыс басталды.
Сайысқа 100-ден аса құрама қатысып жатыр. Дода бірнеше кезеңнен тұрады. Жарысқа қатысушылар жылдам есіп, мәреге бірінші болып жетуі тиіс. Ал Қайықтың басында отырған құраманың бір мүшесі дауылпазды үзбей соғып, әріптестерін рухтандырып тұрады.
У Юйсюань, жарысқа қатысушы:
- Біздің топ орта мектеп оқушыларынан құралған алғашқы әйелдер құрамасы. Жарысқа да бірінші рет қатысып тұрмыз. Бірақ ескекті ер сайысшылардан кем еспейміз. Сондықтан жарыста жеңіске жететінімзге сеніміміз мол.