Еуроодақ Египетке қаржы бөлді
Еуропалық Одақ Мысырға Суданнан ағылған мигранттарды қабылдағаны үшін 20 миллион еуро бөлді.
Бұл туралы ұйым дипломатиясының басшысы Жозепп Боррель Каирге сапарында мәлімдеді. Брюссель бұдан бөлек Египетке шекараны бақылау, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және контрабандамен күрес үшін 80 миллион доллар бермек. Ал БҰҰ мәліметіне сүйенсек, Суданда қарулы қақтығыс басталғалы 200 мыңнан аса босқын Мысырға бас сауғалаған.